" 

Біздің колледжде оқудың артықшылықтары

Құрметті талапкер!

Сіздердің әрқайсыңыздың алдында өз болашағын жоспарлау туралы мәселе тұр. Мамандық таңдау – бұл ең маңызды, әрі жауапты шешімдердің бірі, өйткені осы шешім болашақ өмірлік жолын көп жағдайда анықтайды.  Бүгінгі таңда сізде білім беру ұйымдарының сан алуан түрінен, ең жақсы оқу орнын таңдау мүмкіндігі бар. Көксу ауылшаруашылық колледжінің студенті бола отырып, сіз қызықты студенттік жылдарды  өткізесіз жаңа достар табасыз, табысты кәсіби қызмет үшін қажетті сапалы білім аласыз. Сайт ақпараты сізге дұрыс таңдау жасауға көмектеседі деп үміттенеміз!

 



Біздің колледжде оқудың артықшылықтары:

Оқыту тегін;



Басқа қаладан келген білім алушылар жатақханадағы орынмен қамтамасз етіледі.

 

Білім алушылар колледж асханасында оқу күндері тегін ыстық тамақпен (түскі ас) қамтамасыз етіледі.


Білім алушыларға шәкірт ақы төленеді.

Оқулықтармен қолдану тегін.

 

Барлық білім алушылар өндірістік оқыту мен тәжірибені кәсіпорындарда және колледж шеберханасында өтеді.

Оқытуды жоғары білікті және өз ісін сүйетін педагогтар жүргізеді.

Қазіргі заман талабына сай материалдық-техникалық база.

Пәндік үйірмелерге, факультативтерге, спорт секцияларына, көркем өнерпаздар үйірмелеріне, сәндік-қолданбалы шығармашылыққа тегін қатысу.

 

 

Арнайы орта білім алған колледж түлектеріне «Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде жеңілдетілген жағдайда қысқартылған оқу мерзімінде жоғары білім ала алады.

 

 

КӨКСУ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ – БІЗДІҢ КӨПЖЫЛДЫҚ ТӘЖІРИБЕМІЗДІҢ НӘТИЖЕСІ, СІЗГЕ БҰРЫН БОЛМАҒАН МҮМКІНДІКТЕР БЕРЕДІ!