" 

Тарихы

Колледж тарихынан

                                                                                            Еңбек ардагері: Жүнісов С.Ж

 

Жетісу жерінің ауылшаруашылығының дамуы тарихы – Көксу ауылшаруашылық колледжі тарихымен тығыз байланысты.

 

Құнарлы алқап Көксу және Қаратал өзендерінің арасында орналасқан. Ол өзінінің топырақты климаттық жағдайларымен ерекшеленеді, себебі ол көптеген ауылшаруашылық дақылдарының өсуіне қолайлы.

 

Жетісу губерниясының ауылшаруашылық өңірін жандандыру үшін, губернатордың алдына, ауылшаруашылық мектебін ашу туралы мәселе қойылады.

 

Ол тәжірибе бойынша жергілікті тұрғындардың топырақты өңдеу және ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге көмек боларын білді.

 

1876 жылы Қапал уезінде ашылған ауылшаруашылық мектебі, осы жердегі Талдықорған уезіне ауыстырылады. Ауылшаруашылық мектебі шағын хуторда 2 ондық кішірек үйлерден болды, хутордың ортасында оқу ғимараты болған. Ғимарат 19 ғасырдың  жартысында  тапқыр бай адамның қолдауымен салынған , ол тәжірибе бойынша сол мектептің басшысы болған.

 

Ол ауыл жастарынан ауылшаруашылық кәсіпті үйреткені үшін ақы алып отырды. Ол жерде олар темірді бояуды, ағаш ұсталығына ағаш бұйымдарды жасауды, жеміс ағаштарын егіп, күтіп баптау мен өсіруді үйретті. Бұндағы бар еңбек төленбеді. Бұл кәсіп дағдыларын үйрету ақысы ретінде болды. Оқыту өте қиын болды, себебі мектеп тыңдаушыларды көбінесе қожайынға жұмыс істеді. Олар жүз гектар жерді өңдеп, сеуіп, оны күтіп баптады. Сондай-ақ малдарын бақты. Оқу оқитын уақыттын орнына Құдайға ғибадат етті .

 

Бұрынғы ауылшаруашылық мектебінің оқыту шарты қалжырататын еңбек, нашар тамақтану және қатал тәртіп болды.

 

Талдықорған облысының КСР-ның еңбек сіңірген мал дәрігері, мемлекеттік станция директорының орынбасары Понамарев Степан Демидович былай деп еске алады: «1915 жылы ауылшаруашылық мектебінде 30 оқушы болды. Басқарушы өте қатал, тәртіп күшті болды. Барлығы қоңыраумен болды. Таңғы бес жарымда оятатын. Таңғы іс шарадан соң, құлшылық етуге тұратынбыз. Таңғы 6-да  жұмысқа кететінбіз. Таңғы 8-ге дейін жұмыс істеп, таңғы ас ішетінбіз де, сабаққа баратынбыз. 4 сағат сабақ оқып, түскі астан соң кешкі шайға дейін жұмыс жасайтынбыз. Шайдан соң оқытушының қатысуымен сабаққа дайындалатынбыз. Кешкі жеті жарымда кешкі тамағымызды ішіп ертеңгі күнгі жасайтын  жұмыстар тізімін алып, кешкі құлшылықтан соң сағат онда ұйықтаймыз. Тек  жексенбі күні демалатынбыз, демалыс мүлдем болмайтын, тек қыстың күні бірнеше күн үйге барып келуге жіберетін.  5 жыл оқыдық, 2 жыл дайындық және 3 жыл кәсіби арнайы сыныбында оқыдық. Сол кезлде оқу ғимаратын қоршаған, оны ауылдарға бір түрлі салынуы бойынша қорқынышты болды: кірпіштен қаланған қалың қабырғалар, кесілген жүйектемелер және терезенің сопақша орналасуы монастырьға ұқсайтын.»

 

Оқу ғимаратының ұзындығы тар, жартылай қараңғы дәліз, сынып бөлмелері сопақша, шіркеуге кіретін сияқты болған. Осы жерде оқитын ұлдар арзан көк түсті жұмыс киімін киетін және момын болатын. Олар қожайынның, әулие әкей мен тәлімгерлердің қаһарына ұшырамас үшін айтқанынан шықпай, оларды барлық кезде тыңдаған.

 

Октябрь революциясынан кейін ескі ауылшаруашылық мектебінің орнына жаңа агромектеп ашылды. Онда бітірушілер тек агроном егіншілер болды. 1937жылы Қарабұлақ пен Кировскіде қант зауытының салынуына байланысты ауылшаруашылық мектебі қант қызылша техникумы болып қайта ашылды. Ол 1940 жылға дейін болды.

 

1940 жылдан 1943 жылы мында жетімдер үйі ашылды, қант қызылшасы техникумы екі жылдық ауылшаруашылық мектебіне айналды.

 

1943 жылы ауыл шаруашылығы мектебінің негізінде Талдықорған ауылшаруашылық техникумы Қазақ ССР-нің Ауыл шаруашылығы Халық Комиссарлары Министрлігінің агрономдарды дайындау жөніндегі қаулысымен құрылды.

 

1949 жылы жер телекоммуникациялар бөлімі ашылды.

 

1954 жылы ветеринарлық бөлім ашылды.

 

1956 жылы ауыл шаруашылығын механикаландыру бөлімі ашылды.

 

1964 жылы өсімдіктерді қорғау агрономдары бөлімшесі ашылды.

 

1965 жылы материалдық-техникалық жабдықтау және сатумен айналысатын мамандар бөлімшесі ашылды.

 

Кейінірек жерге орналастыру бөлімшесі Чемолганға ауыстырылды, материалдық-техникалық жабдықтау және сатумен айналысатын мамандар Талғар агротехникалық училищесіне, сондай-ақ Талдықорғандағы Зоотехнология бөліміне ауыстырылды.

 

1943 жылы, техникалық училище оқушыларды өндіріс пен оқытудан өтуге арналған жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін өндірістік оқыту экономикасы ұйымдастырылған кезде күрделі соғыс жылдарында техникумда қиындықтар туындады: тәжірибелі оқытушылар, арнайы әдебиет, ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтары жеткіліксіз, ал техникум мен оқу-өндірістік нысандары ұйымдастыру кезеңінде болды.

 

1944-1947 жылдары ауыл шаруашылық техникумы Киров ауданына әкімшілік жағынан бағынышты болды, ол Киров ауданының жері Көксу өзенінің жағалауында орналасқан және Талдықорған ауданында техникум болғандықтан жер учаскесіне қатысты бірқатар елеулі қолайсыздықтар туындады. Осы жағдайларға байланысты техникум Талдықорған ауданынң әкімшілігінің қол астына берілді.

 

Талдықорған ауылшаруашылық техникумының бірінші директоры Бурхан Карашевич Қарашев болды. Сол кездегі архивтік мәліметтерге сүйене отырып біз басшылыққа және барлық коллективтегі педагогтарға олардың оқу орнын ұйымдастырудығы еңбегі үшін біз өзіміздің құрметімізді білдіреміз.

 

Қаз ССР жер шаруашылығы Наркомының 31 тамыз 1994 жылғы № 28/2 бұйрығы мынаны айтады:

 

  1. Талдықорған ауылшаруашылық техникумының директоры Б.К. Қарашевты жаңа оқу жылына деген жақсы және заманауи дайындығына және оқу жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 1000 рубль көлемінде премия берді.
  2. Б.К. Қарашевке техникум жұмысшыларына премия тарату үшін 3000 рубль берілсін деген шешім қабылданды.

 

Қаз ССР жер шаруашылық Наркомы М. Рабиновичтің қолы.

 

Өздерінің күштері мен уақыттарын оқу орнының талаптарын орындау үшін аямай еңбек еткен, алдыңғы қатардағы бірінші оқытушылар – Т.Н. Нұрланов, С.Е. Естаев, Н. П. Гетьман, Ш.С. Садвакасов, Б.Ш. Шарииязданов, Ж.С. Сыдықов және т.б.

 

Қыстық жылу беру маусымына қалай дайындалғанын тағы да мұрағаттағы материалдарға сүйене отырып айтқым келеді.

 

30 тамыз 1947 жылы Кировск ауданы бюросы қаулысында мынандай шешім қабылданды.

 

  1. Қысқа дайындалу үшін техникумға Молотова колхозының территориясынан 500 кубометрге дейін таль отынын дайындауға рұқсат беру.
  2. Аудан советтік депутаттары басқару комитетіне 10 күн ішінде отынды тасып алу үшін 3 тонналық бір автокөлік беру жүктелсін.
  3. Талдықорған станциясынан Тентек станциясына сексеуілді тасу сұрағы шешілсін.

 

Мемлекеттің экономикасының жақсаруы мен халық шаруашылығының қайта жандануының арқасында оқу орнының материалдық базасы жақсарды. Ауылшарушылығының орта буын мамандарын даярлауда зор үлес қосқан мыналар: И. Ф. Перебейнос, А.Т. Свининых, Р.А. Жақсыбеков, Д.Х. Жақсылықова, Ким В.М., Жүнісова Р. Ғ., Торожанкин А.С., Т.О Тұрлыбаев, Н.О. Тұрлыбаева, Ж.Ш. Байдосов, А.Н. Алибаев, К.Д. Токешов, Х. Т. Етенбаева.

 

Өскелең ұрпақты өсіруде қазіргі кездегі жұмыс жасап жүргендер, осы дәстүрді сақтап өз үлестерін қосуда. Техникумның директорлдары болып әр уақытта мына кісілер: Б.Ш. Шериязданов, Ж.С.Сыздықов, В.Н. Ли, Т.Н. Нұралнов, Б.У. Дүйсенбаев, Б.Н. Ниязбеков және осы мақаланы жазған С.Ж. Жүнісов, А.Е. Базарбеков,  оқу ғимараттарының материалдық базасын жақсарту үшін мамандарды дайындау сапасы мен оқытушылардың кәсіби өсуіне көп көңіл бөлді.

 

Қазіргі таңда Көксу ауылшаруашылық колледжінің директоры – Қарасаев Мәлік Әбілмәжінұлы. Ол Қазақстан Республикасының  білім беру саласының білікті де, білімді маманы, құрметті қызметкері «Ы. Алтынсарин» төс белгісінің иегері,  «Нұр Отан» партиясының XIII, XIV және XVI съезінің делегаты, Нұр Отан партиясы Ескелді аудандық филиалы Жастар  бастауыш ұйымының төрағасы.