" 

" Өзін -өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндігі өтті

Көксу ауылшаруашылық колледжінде . Ақпан айының 3-12 аралығында Өзін -өзі тану пәні бойынша " Өзін -өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндігі өтті.

Жақсыны ұлықтай білу де, жайсаңды қызықтай білу ақылдың ісі  .  «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының негізіне жататын тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани танымын жетілдіру, білім алушыларды  мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, өмірге, жақын адамдарға, ата-анаға, жалпы қоршаған әлемге деген бауырмалдық, жақсылық жасауға тәрбиелеуде.

 

Осы онкүндікте  білім алушылармен  колледж  кітапханасында  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның қайырымдылық қызметтері туралы колледж кітапханасында көрме ұйымдастырылды.Сонымен  қатар   «Ибалы ұл, инабатты қыз » атты тақырып аясында  дөңгелек үстел өткізілді. Және білім алушыларға кинофильм көрсетілді. Өзін өзі тану пәнінің оқытушысы: Нұртаева  Қарлыға Сайлауқызы.