" 

"Абай-дана,Абай- дара қазақта"

Ақпан айының 17 ші жұлдызы күні Көксу ауылшаруашылық колледжінде ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына орай Алдабергенов ауылдық округіне қарасты орта мектептермен колледж білімгерлері арасында үлкен мәдени іс шара өтті.

 

Ақынның қайталанбас жауһар жырларын , қара сөздерін мәнерлеп оқудан , өмірі мен шығармашылығынан сахналық қойылым көрсетілді.

 

Қазылар алқасының қорытындысымен бас жүлдені Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы мектептің оқушылары , жүлделі бірінші орынды аталмыш оқу орданың білімгерлері , екінші және үшінші орындарды Жастар негізгі орта мектебі мен Жаңалық негізгі орта мектебінің оқушылары бөлісті.

 

"Абай - дана, Абай - дара қазақта " деген тақырыпта өткен шара соңында білімгерлер арнайы сыйлықтармен марататталды.