" 

Жеңіс күні – ұлы күн

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Көксу ауылшаруашылық колледжі

 

 

 

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ

 

 

Тақырыбы:   Жеңіс күні – ұлы күн

 

 

  

Оқытушылар:  Немеребаева Г.Қ.

 

 

 

Жастар ауылы


 

Ашық сынып сағатының жоспары:

 

Өткізілетін орны: Мәдениет үйі

Өткізілетін уақыты: 12.00

Өткізетін топ: 21БЭ

Оқытушы: Немеребаева Г.Қ.

 

Сабақтың тақырыбы:  Жеңіс күні – ұлы күн.

 

Мақсаты:  Ел үшін жанын пида еткен ерлерге тағзым, өшпес ерлігіне бас ию; балаларды отаншылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:  нақыл сөздер жазылған суреттер, мақал-мәтелдер, шарлар, слайдттар көрмесі.

 

Барысы.

  • жүргізуші: Құрметті, біздің батыр ата-аналарымыз – сыйлы қонақтар, ұстаздар, студенттер, бүгінгі «Жеңіс күні – ұлы күн» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Ұлы Жеңістің мерекесі бәрімізге құтты болсын! Кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2-  жүргізушi:

Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні байрағынан таныған

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айтады болмаған деп әнұран.

 

Қазақстан Республикасының Әнұраны

 

  • жүргізуші: Жеңіс күні – адамзат аңсап жеткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 – мамыр – азат күресінің айбынды күні. Жеңіс күні, бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме?!

 

1- жүргізуші: Для граждан разных республик День Победы был и остается большим праздником, когда вспоминают павших в битве с фашизмом и отдают дань уважения тем, увы, уже немногим,  кто прошел войну и живет рядом с нами.

 

2-жүргізуші:  Біз бүгін мерекелік жиында сол соғыста Отан үшін  өмірлерін беруге даяр болған жерлестерімізді еске алу үшін бас қосып отырмыз.

 

1- жүргізуші: Сегодня мы собрались в этом праздничном зале, чтобы почтить память тех, кто спас мир от фашисткого порабощения, низко поклониться нашим ветеранам.

 

2- жүргізуші: Бүгін біздерде қонақта сол қасіретті жылдарды басынан өткізген, көзімен көрген, майдан шебіндегілерге көмек көрсеткен, тылда аянбай еңбек еткен қымбатты ардагерлер аталарымыз бен асыл аналарымыз отыр.   

 

 

 

Ұлы Отан соғысының еңбек  ардагерлері: 1. Беларукова Полина Ефимовна

 

  1. Жүнісов Қаниет Жүнісұлы

 

Соғыс ардагерлерімен қатар  біздің колледжіміздің еңбек ардагерлерімізде  отыр:

  1. Жүнісов Сағи Жүнісұлы
  2. Жүнісова Бибігүлсін Сағымбекқызы
  3. Турлыбаев Төлеген Оқасбайұлы
  4. Турлыбаева Нәзипа Оразымбетқызы
  5. Вольховская Зинаида Александровна
  6. Тумбаев Әлімхан Мүсраліұлы
  7. Етекбаева Хатима Гаяздинқызы
  8. Садуева Шахарбану Нигматқызы
  9. Дарменова Раушан Абулхаирқызы
  10. Ершоинова Торғай Бейсембекқызы
  11. Сыдыкова Гүлнара Сейдамарқызы
  12. Дуланбаева Несіпжамал Дуланбайқызы

13.Аханова Рая Аханқызы

14.Бубекулова Рахима  Сатыбалдықызы

  1. Байдосова Маржан Раштайқызы
  2. Нуртаева Сайран Мұхаметжанқызы

 

Құттықтау сөзі 1. Колледж директоры

Қарасаев Мәлік Әбілмажінұлына беріледі.

 

 

2. Ауыл әкімі  Мусапиров Төлеген Аппакұлына беріледі

 

 

 

 3.Ауылдың ақсақалы, еңбек ардагері

Жүнісов Қаниет Жүнісұлына беріледі.

 

 

2-жүргізуші:  Отан үшін жан қиған ерлеріміз біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Отан  деп өз өмірлерін берген ерлерімізді бір минут үнсіздікте еске алайық.

 

(Бір минут үнсіздік)

 

1-жүргізуші:  Құрметті қонақтар 21 «БЭ» тобының дайындаған әдеби монтажды қабыл алыңыздар.

 

  1. Соғыс деген суық хабар, қатер, сын,

         Тіршілікке не жақсылық әкелсін.

         Ақ шашты ана жесір

         Зардабынан соғыстың.

         Ұлың жетім,

         Құрбан еткен әкесін.

  1. Знаем мы поименно

Всех героев бесстрашных

И склоняем знамена

Перед памятью павших.

  1. Ерлік те көп,

         Аңыз етіп айтарлық.

         Жойдық біздер,

         Жаудың бетін қайтардық.

         Отан бүгін мол шаттыққа кенеліп,

         Жатыр елім жүзінен нұр байқалып.

  1. Возвращались солдаты с войны.

         По железным дорогам страны

         День и ночь поезда их везли,

         Гимнастерки их были в пыли

         И от пота еще солоны

         В эти дни бесконечной весны.

  1. Гүл дәуренде

         Күн кешейік үрейсіз.

         Төбемізден төнбесінші дүлей күш.

         Бар мәселе

         Бейбіт жолмен шешіліп,

         Ұранымыз:

         Тыныштықты тілейміз!

  1. Изведав испытания и беды,

         Пройдя войну с начала до конца

         Весенним днем в далекий год победы

         Мы в парке посадили деревца.

         Они уже давно большими стали

         Деревьями не знавшими войны,

         И им видны вокруг такие дали,

         Что человеку, может, не видны.

  1. Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

         Жігер менен құштарлықтың құралы.

         Күрескердің арманы мен ұраны,

         Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

  1. Қамықпаған қиындықтың үрейінен,

         Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.

         Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып,

         Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

 

  • жүргізуші: Әрбір көктем бізді ойша сонау 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады. Неге жарты ғасырдан асса да сол сұрапыл соғыс тақырыбында кітаптар мен фильмдер, өлеңдер мен әндер жалғасын табуда. Иә, соғыста қираған қалалар мен ауылдар қалпына келтірілді, бірақ соғыс салған жара әлі жазылған жоқ.

 

  • жүргізуші: 1941 жылы 22-маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия ССРО-ға опасыздықпен басып кірді.

 

Соғыстың басталуы туралы көрініс «Соғыс қасіреті»

Қатысатындар: әжесі, немересі, қыздың әкесі мен анасы, көрші апа.

Жаздың жайма шуақ күні. Әжесі мен әкесі стол басында отыр. Келін шай құйып отыр. Сырттан көрші апа кіреді.

 

Көрші апа: Маржан-ау, куаныштарың құтты болсын. Үйдің шаруасын өзің білесің, бағана шығайын деп ойлап едім, әлі жүрмін саған жете алмай. Үлкен немерең мектеп бітіріп қуанышты болып жатырсың ба? Дастарханыңды жай, ауыл-аймаққа тойыңды жаса. Осындайда шабылмағанда қашан шабыласың?

 

Әжесі: Рахмет, рахмет, Хадиша. Шақыр, шақыр ауылды! Бір тойым бар, той жасаудан қазақ қашқан ба?

 Сахна сыртынан жүрегі қуанышқа толы үлкен немересі әжетайлап мектеп бітіргеніне қуанып жүгіріп келеді.

 

Немересі: Әже, әжетай! Бүгін менен бақытты жан жоқ. Мен мектеп бітірдім, әже. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді.

(Әжесін құшақтап еркелей күледі)

 

Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет балам!

Маңдайынан сүйіп қасына отырғызады. Әкесі жымиып, салмақты кейіпте отыра береді. Келіні ыдыс алып келе жатып радиодағы хабарды естіп тұра қалады.

 

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Кеңестік радио. Кеше 1941 жылдың 22 маусымында таңғы сағат 4-те біздің ұлан-байтақ жерімізге ескертусіз фашистік Германия Кеңес Одағының аймағын бұзып-жарып, Брест қамалынан шапқыншылықты бастады. Ұлы Отан соғысы басталды.

 

(Қолынан ыдысы түсіп кеткен келін жылап бетін жабады!

 

Немересі: Әже, әжетай, соғыс, соғыс басталды!

(Әжесі немересін құшақтап жылайды)

 

  • жүргізуші: Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,   

 

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

 

2- жүргізуші: Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда

Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы.

Қан майданға шығарып сап ардағын

Қыз-келіншек түсірмепті салмағын.

Көрген жоқпыз өздеріңнің арқаңда

Сай-сүйекті сырқыратқан зардабын.

 

1-жүргізуші:  Эта песня посвящается нашим уважаемым ветеранам. Песня «Темная ночь». Исполняет  Берікжанәулеті Жанбота.

 

«Соғыс қасіреті» көрінісінің жалғасы

Қатысатындар: әжесі, немересі, қыздың әкесі мен анасы, комиссиариаттың адамы.

 

Әжесі: Қарғыс атқыр Гитлер, нең бар еді бізде,

 

Бейбіт жатқан елде.

(Жүгіріп кіші немересі келеді!

 

Бала: Әке, сізді бір аға шақырып жатыр. Тез жиналсын деп жатыр.

 

Әжесі: Не болды, қарағым-ау?

 

Жігіт: Сәлеметсіздер ме. Сіз Боранбаев Аманбек Батырбайұлы боласыз ба? Мынау әскери комиссариатқа шақыру қағазы, тез жиналыңыз.

 

Немересі: Аттан әке,

                   Сен қазір аттанасың.

                   Жауынгердің рөлін атқарасың.

                   Неге бізге үмітсіз тесілесің.

                   Аттан, әке, жолыңнан кешігесің,

                   Кеудесінде жаны бар пақырларың

                   Тауып жейді сенсіз де несібесің.

(Әкесін келіп құшақтайды)

 

Әкесі: Тыңда балам, тыңда күнім,

                   Болуға жара қолғанат.

                   Кәрі анам, мына інің –

                   Барлығы саған аманат.

 

Әжесі: (Баласын сүйіп келініне қарап)

Оралсын аман жеріне,

Көріссін туған елімен.

Келін-ау, көздей қалтаға

Топырақ салып беріп жібер.

 

Келін: (Қалтаға салған топырақты беріп)

Кебін киген өледі,

Кебенек киген келеді.

Үлкен үйден дәм татса,

Кешікпей дейді келеді.

(Жары соңынан жылап қалады)

 

Әжесі: Құлыным, жалғызым, жарқыным, аман еліңе орал. Мынау қалтаға кіндік қаның тамған туған жердің топырағын тұмар қылып сақтарсың, аман оралғайсың балам, біз сені күтеміз.

(Көзінің жасын орамалман сүртеді)

 

Әкесі: Асыл анашым! Айналайын, қабырғасы қаптаған алтыным менің, жауыз сұм фашистерді жеңіп, жеңіске жетеміз деп сіздерді сендіремін. Елім, туған жерім сіздерге аманат! Сау болыңыздар, қош!

(Құшақтасып анасымен, қызымен қоштасып, майданға аттанады)

 

2-жүргізуші:  Құрметті қонақтар келесі орындалатын «Смуглянка» биі сіздердің құрметтеріңізге арналады.  

  • жүргізуші: Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 миллион 196 мың 164 адам қару асынып майданға аттанды. Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға «Гвардиялық» деген атақ берілді. Соның ішінде атақты «Гвардиялық Панфилов дивизиясы» бар.

 

Абдіманапова Іңкәр:       Жиырма сегіз, жиырма сегіз бір ғалам,

                                          Анау жаудың таңкілері лаулаған.

                                          Жеріміз кең, артымызда Мәскеу тұр,

                                          Шегінуге хақымыз жоқ бір қадам.

                                          ССРО-дағы ұлттардан

                                          Құралған бұл шағын топ

                                          Жауға үрей туғызған,

                                          Жайпап түскен жалын боп.

                                          Даңқын қосып даңққа,

                                          Сұрапылға төтеді.

                                          Борыштарын халқының

                                          Ерлігімен өтеді.

 

2-жүргізуші: Жиырма жастан сәл асқан кезде міндетті әскери қызметке шақырылып, өзінің бүкіл болашағын Қызыл армиямен мәңгілікке байланыстырған Бауыржан атамыз 1941 жылы басталған сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Ол лейтенант шенінен бастап, полковник атағына дейін көтерілді, взвод, батальон, полк және дивизия басқарды.

 

Музапарова Ажар:         «Советтің саналы ер еркегі» деп,

              Жігіттің қыз қызығар көркемі деп,

              Бауыржан Момышұлы жер жүзінде

              Тарапты барлық елге ертегі боп.

              Ауылдың қалды көбі аумағында...

Бауыржан «Катюшадай» лаулады да,

Өртесті фашистерді, сондықтан да

Таниды досы түгіл жау жағы да.

Батыста, жүрген ғылым тереңінде,

Ақылын, өжеттігін, өнерін де,

Жыр етіп Бауыржанның батырлығын,

Таниды бір-ақ шындық көлемінде.

 

1-жүргізуші:  Келесі орындалатын  «Катюша»  әні сіздерге арналады. Орындайтын Берікжанәулеті Жанбота.

  • жүргізуші: Өз халқының батырлығын әлемге әйгілі еткен қазақтың Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұловадай батыр қыздары туралы ақиқат пен аңыз халыққа кең таралды.

(Сахнаға әскери киімде Әлия мен Мәншүк шығады)

 

Әлия:    Мен 18-ге толдым. Бірақ өзімді ересек адамдай сезінемін. Себебі Ленинград балаларының өлімін, жолдастарымның төгілген қанын өз көзіммен көрдім. Енді фашист жыртқыштарын аулауға өзім шықтым.

 

Мәншүк: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан Ана отқа күйіп жатқанда

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

 

Әлия:    Отан Ана жылағанда шерленіп,

              Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.

 

Мәншүк:  «Отан» деген сөз көкейде жатталып,

              Зор айқасқа кеттік біздер аттанып.

              Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,

              Біз сендердей арман гүлін таппадық.

 

Әлия:  Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,

              Қатар тұрып қырдан гүлдер тереміз,

              Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар,

              Бізді қайта туды Отан, ел егіз.

 

Екеуі қосылып: Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді,

              Жетсек деген арманымыз көп еді.

              Бізді туған күнімізбен құттықтап

              Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі.

              Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,

              Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз.

              Жанымызды құрбан еттік осылай

              Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.

 

1-жүргізуші:     Ән: «Әлия» орындайтын Алибекова Жібек.

 

2- жүргізуші: Ұлы ұрыс, қанды майдан даласында,

Жанған от, атылған оқ борасында

Жатыр бір жас жауынгер жараланып,

Өлім мен өмір көші арасында, - дегендей қанды соғыста қанша адам қанға боялып көз жұмды. Қатал соғыс талай адамның өмірін үзді емес пе!«Соғыс қасіреті» көрінісінің жалғасы

Қатысатындар: әжесі, немересі, ауыл әйелдері.

Асынған бір дорба хаты бар пошташы қыз шығады.

 

Немересі:   4 жыл болды сұм соғыс басталғалы. Дәрігер боламын деген арманым орындалмады. Жеңіске өз үлесімді қосайын деп, хат тасушы болып жүрмін. Қуанышты үшбұрышты хаттарды иесіне тапсырғанша асығамын. Ал, қаралы хаттарды... иелеріне бере алмай жұдырықтай жүрегім қан жылады емес пе?! Бүгін, міне әкемнен сондай қайғылы хабар алып тұрмын. Қалай әжеме айтамын... (өксіп жылайды)

Еңбек етіп далада ауыл әйелдері жүреді. Хатшы қыз келді деп, алдынан жүгіріп шығады. «Сіңлім ағаңнан хат келді ме?» дегенде қуанған қыз бәріне шаттана хатты көрсетеді.

 

Әжесі: Құлыным сол! Әкеңнен хабар жоқ па? Көп болды ғой хабарсыз кеткелі...

 

Немересі:   Қалай сені жұбатам, аңыра ана

Рас болса мына келген «қара қағаз»,

Саған ұл, әке бізге табыла ма?

Жалынған ғазиз анам, сұрап қалған

Жоғалды сол бетімен бірақ арман.

Сенбеймін, «әкең өлді» дегенге мен

Себебі ол үйімізден тірі аттанған.

(Жылап әжесін құшақтайды)

 

Әжесі: Не дейді, естімегім осы ма еді? Құлыным, жалғызым! Қарғыс атқыр фашистер ұлымнан айырдыңдар ма?

 

Ауыл әйелдері: Әже, сабыр етіңіз, қайғы-қасірет әкелген бұл соғыс қанша боздағымыздың өмірін қиды.

 

1-жүргізуші:       Аналар ғой алауланып от кешкендер,

                            Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер.

                            Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,

Аналар ғой алаулап от кешкендер.

 

2-жүргізуші:    Құрметті қонақтар мына әнді сіздерге арнаймыз. Ән «Ана туралы баллада» орындайтын Алибекова Жібек

 

2-жүргізуші:       Біріктіріп үміті мен тілегін,

                            Біріктіріп барлық күшін, жігерін,

                            Ана үшін, бала үшін, жар үшін

                            Жасқанбастан тосты оққа жігерін.

                            Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,

                            Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

 

1-жүргізуші:       Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда

                            Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

                            Жалғызынан айырылған Аналар.

Әкесінен айырыпты баланы.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

 

Кеңестік радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Кеңестік радио. 4 жылға созылған Ұлы Отан соғысы аяқталды! Кеңес Одағының бауырмал Армиясының ерлігі дастан болды. Біз Жеңіске жеттік! 9 мамыр – Жеңіс күні!

 

1-жүргізуші: Оындалатын «Сарбаздар» биі сіздерге арналады, қабыл алыңыздар     

 

2-жүргізуші:       Ер есімі – ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер азаматтар ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

 

1-жүргізуші:       Тыныштық! Жаса тыныштық,

Осы сөз бізге тым ыстық.

Көркейе берсін еліміз,

Көркейе берсін ырыс-құт

Бақытты болсын балалар,

Соғысты сүймес адамдар

Өркендей берсін қалалар,

Гүлдене берсін далалар.

 

2-жүргізуші:       Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары,

Жігерленген құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

 

Қайролдаева Салтанат: Соғыс салған қанша өртке оранғандар,

Қызыл қанға қаншама боялғандар!

Соғыс деген сойқанның әлегінен

Мәңгілікке қаншама жоғалғандар.

Ізі қалған әр үйдің есігінде,

Соғыс атын бола ма өшіруге.

Аз ба атасын, әкесін жоғалтқандар

Жетім деген атты алып бесігінде.

Қанша қайғы, қасірет тереңдеген

Қандай жан бар қайғыға бөленбеген

Қанша жесір көз жұмды жарын күтіп

Әр күн сайын жол тосып елеңдеген.

 

Қызыл-жасыл безенген бас алаңда

Жеңіс тойы жарқырап жасана ма

Жеңіс туын көтерген қарт майдангер

Аяғымен бүгін жер баса ала ма?

 

Жеңіс бізге солармен жеткен еді,

Ол кезде де осындай көктем еді.

Ол кезде де жадырап жасыл әлем

Күн де нұрын көбірек төккен еді.

 

Қан майданда қайтпаған, беріспеген,

Ерлік қанша ғаламат ер істеген.

Соғыс салған жүректе із қалғанмен

Тұрар мәңгі ұлы ту Жеңіс деген

 

Ән «Жеңіс күні»

 

1-жүргізуші:       Қадірлі біздің батыр аталарымыз, құрметті қонақтар, 9 Мамыр – Жеңістің мерекесі құтты болсын! Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық тілейміз. Жер бетінде тыныштық болсын!

 

2-жүргізуші:  Түнде ұйқымыз, күнде күлкіміз арылмасын! Бейбіт таңдағы әрбір арайлап атқан күніміз нұрға толып, достығымыз арта берсін! Сіздерді Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіз Қазақстанның аспаны ашық, рухы биік болсын, береке-бірлігі нығая түссін!