" 

Аграрлық-өнеркәсіп кешені мамандарын даярлауда​ Ескелді ауданында орналасқан​ Көксу ауыл шаруашылығы колледжінің үлесі айтарлықтай

Аграрлық-өнеркәсіп кешені мамандарын даярлауда​ Ескелді ауданында орналасқан​ Көксу ауыл шаруашылығы колледжінің үлесі айтарлықтай. Мұнда кәсіби техниктер, электриктер, технологтар, механиктер, қант өндірісінің операторлары және басқа да мамандар дайындалады. Оқу орны 20 шақты кәсіпорынмен әріптестік байланыста жұмыс істейді. Соның арқасында өткен жылы колледж түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 87% жеткен. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев ауданға сапары барысында аталған колледждің материалды-техникалық базасымен танысты.